Вакансиялар
Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1-үй, эл/пошта: 85astana-mektep@edu.kz, 2025-2026 оқу жылына келесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
Физика мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 1 бос орын,
Химия мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 1 бос орын,
Биология мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 1 бос орын,
Математика мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 1 бос орын,
Информатика мұғалімі (қазақ, орыс тілінде оқыту) - 2 бос орын,
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 1 бос орын,
Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқыту) - 2 бос орын.
Конкурс талаптары: педагогикалық еңбек өтілі 7 жылдан кем болмау, біліктілік санаты педагог-сарапшыдан төмен болмау.
Лауазымдық міндеттері:
пән бойынша оқыту, оқу құжаттамасын жүргізу,
«Kundelik.kz» электрондық журналын жүргізу және өзге міндеттер.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.
Құжаттар қабылдау 2025 жылғы 28 мамыр - 8 маусым аралығында «ҰБДҚ Педагогтерді жұмысқа қабылдау» платформасында жүргізіледі.
Конкурс шарттары мен құжаттар тізімі бойынша байланыс тел. 8 775 1019089.